Жаңалықтар

«Аналарды қалай жұбатамыз?»: Қайрат Нұртас қайғылы жағдайға пікір білдірді

«Аналарды қалай жұбатамыз?»: Қайрат Нұртас қайғылы жағдайға пікір білдірді

Әнші Қайрат Нұртас Ақтаудағы қайғылы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.  

Өнер иесі қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтқан. 

"Ер ел деп туады! Отан-анаң, Отан-балаң, Отан-үйің! Ол үшін жаныңды бер деп өсірді. Елім үшін жау алдында жан құрбан. Бірақ, кешегі 14 сарбаздың өлімін еш ақтап ала алмаймыз. Жүрегім қан жылап тұр. Аналарды қалай жұбатамыз? Елге не айтып ақталамыз? Қатер айтып келмейді, алайда қайтып келеді. Өзгеріс пен тәртіп керек. Қыршын кеткен боздақтардың отбасына қайғырып көңіл айтамын Қабырғамыз қайысты…", - деп жазды ол. 

Барлық жаңалық