Жұптық мәнерлеп сырғанаудан әлемнің екі дүркін және Еуропаның үш дүркін чемпионы Артур Дмитриев 58 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.
Бұл туралы Ресейдің мәнерлеп сырғанау федерациясы хабарлады.
Артур Дмитриев Олимпиада ойындарында екі түрлі серіктеспен алтын медаль жеңіп алған тарихтағы алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде танылды. 1992 жылы Францияның Альбервиль қаласында өткен қысқы Олимпиадада Наталья Мишкутенокпен бірге чемпион атанса, 1998 жылы Жапонияның Нагано қаласында Оксана Казаковамен жұптасып тағы да Олимпиада алтынын жеңіп алды.
Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін кәсіби жарыстар мен мұз шоуларына қатысып, кейін бапкерлік қызметке ауысты. Соңғы жылдары Санкт-Петербургте жұ,птық мәнерлеп сырғанаушыларды жаттықтырған.
Олимпиададағы серіктесі Оксана Казакованың айтуынша, спортшының өліміне қолқаның жыртылуы (аорта диссекциясы) себеп болған.
«Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасады.қаралы хабар Ота сәтті өткенмен, ағзасы күресе алмады», – деді Казакова.
Айта кетейік, Артур Дмитриев 1968 жылдың 21 қаңтарында Украинаның Киев облысында дүниеге келген.