Жаңалықтар

Алматының ТЖ департаменті бір Cybertruck үшін 127,4 млн теңге жұмсаған

Алматының ТЖ департаменті бір Cybertruck үшін 127,4 млн теңге жұмсаған

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Tesla Cybertruck автокөлігін сатып алуға 127,45 млн теңге жұмсады. Бұл туралы мемлекеттік сатып алулар порталында жарияланған деректерде көрсетілген деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Құжатқа сәйкес, тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алматы қаласы бойынша департаменті. Лот сипаттамасында тауар атауы «Автомобиль», саны – 1 дана, ал жоспарланған сома 127 449 995,97 теңге деп көрсетілген.

 

Мемлекеттік сатып алу порталының мәліметінше, аталған келісімшарт 2025 жылдың 21 қазанында жасалған. Сатып алынған көлік – америкалық Tesla компаниясының Cybertruck моделі.

Барлық жаңалық