🏛️ Саясат

Алматыдағы ЖЭО: Бектенов жұмыс қарқынына алаңдаушылық білдірді

Алматыдағы ЖЭО: Бектенов жұмыс қарқынына алаңдаушылық білдірді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында Алматыдағы жылу электр орталықтарын жаңғырту барысына қатысты мәселені көтерді. Әсіресе ЖЭО-2 және ЖЭО-3 нысандарындағы жұмыстардың қарқынына қатысты алаңдаушылық білдірілді, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Үкімет басшысы өзіне түскен ақпаратқа сүйене отырып, жобаларды іске асыру қарқынының төмендегенін атап өтті. Осыған байланысты жауапты органдардан нақты жағдай туралы түсініктеме сұрады.

Самұрық-Энерго басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов аталған нысандардағы жұмыстар ерекше бақылауда екенін жеткізді. Оның айтуынша, мердігерлерге құрылыс қарқынын күшейту тапсырылып, үш ауысымды жұмыс режимі енгізілмек.

Сонымен қатар жақын уақытта құрылыс алаңдарына шамамен 1,5 мың жұмысшы тартылып, негізгі технологиялық жабдықтар жеткізілгені айтылды.

Премьер-министр жауапты тұлғаларға жобалардың нақты ахуалын жеке барып тексеруді тапсырды. Ол жұмыстардың белгіленген мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету және объективті ақпарат ұсыну қажеттігін ерекше атап өтті.

Барлық жаңалық