Алматының Медеу ауданындағы қымбат түнгі клубтардың бірінің қызметкері жасырын сатып алушыға гашиш өткізіп жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Қалалық прокуратура мен полиция қызметкерлері бірлескен жедел іс-шара жүргізіп, заңсыз әрекеттің жолын кескен. Құқық қорғаушылар мекеменің ішін тексеру барысында ұнтақ іздері мен ақ түсті заты бар шағын пакет тауып алды.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, жақында ғана қалада екі күдіктіден 25 млн теңге тұратын есірткі мен қару-жарақ тәркіленген болатын.