Жаңалықтар

Алматыда Республика күніне арналған ерекше флешмоб: көк байрақты желбіреткен сарбаздар (ВИДЕО)

 

Бүгін Алматы қаласында Әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірлердің бірінде ерекше көрініс байқалды. Әскери форма киген азаматтар Қазақстанның көк байрағын желбіретіп, сап түзеді деп хабарлайды Ozgeris.info 


Көпірдің астынан өткен жүргізушілер оларды қолдап, сигнал беріп, мерекелік көңіл күйді одан әрі күшейтті. Қалада алдағы Республика күніне дайындық пен қуанышты атмосфера айқын сезіліп тұр.

 

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тез тарады. Көптеген қолданушылар:

«Керемет!»,«Жасасын Қазағым»,«Алға Қазақстан» деп пікір қалдырды.


Бұл көрініс алматылықтардың елдік рухы мен бірлігін тағы бір мәрте дәлелдегендей болды.

 

Барлық жаңалық