💰 Экономика

Алматыда контрабандамен айналысқан кәсіпкерлер сотталды

Алматыда контрабандамен айналысқан кәсіпкерлер сотталды

Алматыда Қытайдан заңсыз тауар кіргізіп, мемлекетке миллиардтаған шығын келтірген кәсіпкерлер сотталды, деп жазады Ozgeris.info.

Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, «Group of the Companies TDA» компаниясы 100-ден аса контейнерді кедендік рәсімдеусіз елге өткізіп, бақылауындағы басқа серіктестіктер арқылы жалған шот-фактуралар жасап келген. Бұл әрекеттердің салдарынан мемлекетке 10 миллиард теңгеден астам шығын келген.

Тергеу кезінде 643 миллион теңге қайтарылып, 1,3 миллиард теңгенің тауарына және 300 миллион теңге тұратын мүлікке (жер, көлік, шатырлар және т.б.) тыйым салынды. Сонымен қатар байланыста болған 47 компания өз еркімен бюджетке 240 миллион теңге салық төлеген.

Алмалы аудандық соты кінәлілерге 1 жыл 4 айдан 4 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Мүліктері мемлекет пайдасына тәркіленді.

Барлық жаңалық