Шоу-бизнес

"Алладан сұрап алдым": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиінің жынысын жариялады (ВИДЕО)

"Алладан сұрап алдым": Төреғали Төреәлінің қарындасы үшінші сәбиінің жынысын жариялады (ВИДЕО)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі үшінші сәбиінің жынысын жарымен бірге анықтады, деп хабарлайды ozgeris.info.

Жас жұбайлар өздері ғана отырып білуді жөн деп санаған. Арнайы торттың қақпағын ашу арқылы қыз екенін анықтады.

 "Осы жолы көптеген идея болды гендер патиді жасайтын. Бірақ өзім болып жүрген соң ұзақ ойланып, соңында жолдасым екеуміз ғана әдемі романтикалық кешкі аста болашақ бөпетайымыздың жынысын білгенімізді қаладым. Осындай жылы естелік.Қызым! Оразаның соңғы 10 күнінде Алладан сұрап, тілеген дұғамның жауабы… Сансыз шүкір! Армандап жүрген барша отбасыға жұғысты болсын!", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Динаны құттықтап, жылы тілектерін жаудырды.

Барлық жаңалық