Шоу-бизнес

"Алла ұлық!": Сәкен Майғазиев жақында немерелі болатынын хабарлады (ВИДЕО)

"Алла ұлық!": Сәкен Майғазиев жақында немерелі болатынын хабарлады (ВИДЕО)

Танымал әнші Сәкен Майғазиев отбасындағы сүйінші жаңалықпен бөлісті, деп хабарлайды Оzgeris.info.

Болашақ немерелерінің жынысын анықтап, келіндерінің жүкті екендіктерін елмен бөлісті.

Майғазиевтер әулетінде қыз дүниеге келмек.

"Алла ұлық! Алла қаласа, анасы екеуміз ата-әже атануға ниеттіміз!", - деп жазды әнші желідегі парақшасында.

Бұл жаңалықпен келіндері Әдия да бөліскен.

"Күшті видео түсірдік, бірақ оны кейін саламыз. Әзірге осы жаңалықпен бөліскім келді тезірек", - деп жазды ол.

Оқырмандары қуаныштарын жасыра алмай, ізгі тілектерін білдірді.

Барлық жаңалық