Қоғам

«Алиментті қайтарсаң қол қоям»: блогер мемқызметте істейтін экс-күйеуінің шынайы жүзін әшкере етті

«Алиментті қайтарсаң қол қоям»: блогер мемқызметте істейтін экс-күйеуінің шынайы жүзін әшкере етті

Әлеуметтік желіде «Жаным Баклажаным» атымен танымал блогердің бұрынғы жұбайы Саяжан Ешанқұловқа қатысты жазбасы қызу талқыланып жатыр,деп хабарлайды Ozgeris.info.

Блогердің айтуынша, баласына АҚШ визасын рәсімдеу кезінде оның биологиялық әкесінің рұқсаты қажет болған. Елшілікке сұхбаттасу күні жақындағанымен, қажетті рұқсат қағазы берілмегенін жеткізді.

Осыған оның бұрынғы күйеуі Саяжан Ешанқұлов «алименттен бас тарта сал, сонда қажетті құжаттарға қол қоямын» деген.

Алайда блогер мұндай қадамға баруға асықпайтынын білдірді.

«Қазір мен алименттен бас тартсам, ертең бұл адам маған қажетті құжаттарды береді деген ешқандай кепілдік жоқ», – деп жеткізді ол.

Блогердің сөзінше, қажетті құжаттарды сұрап жүргеніне бірнеше жыл болған. Ол мәселені шешудің ең дұрыс жолы – алдымен балаға қажетті құжаттарды рәсімдеп алу, содан кейін алименттен бас тарту мәселесін ресми түрде қарастыру екенін айтты.

Бұл жағдай бұған дейін де әлеуметтік желіде талқыланған. 2024 жылы блогер бұрынғы күйеуінің баласының шетелге шығуына қажетті рұқсат қағазын бермегенін айтып, көпшілікке үндеу жасаған еді.

Ал Саяжан Ешанқұловтың қазіргі қызметіне қатысты ашық деректерде оның «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директоры екені көрсетілген. Ол әлеуметтік саясат және отбасының цифрлық картасы тақырыптарында мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен БАҚ-қа пікір білдіріп жүр.

 

Барлық жаңалық