Жаңалықтар

Алакөлде моторлы қайық мінген сегіз адам жағаға орала алмаған

Алакөл көлінің жағасынан 40 шақырым жерде сегіз адам мінген қайықтың қозғалтқышы істен шығып, демалушылар өз бетінше жағаға орала алмаған, - деп хабарлайды Ozgeris.Info тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құтқарушылар туристерге көмекке келді.
"ТЖМ қызметкерлері оларды өз қайықтарымен жағаға шығарып, құтқарды. Туристерге медициналық көмек қажет емес", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылардың бірінің сөзінше, туристер жағаға екі қайықпен шығарылды, ал олардың моторлы қайығы көлде қалды.  
Барлық жаңалық