Шоу-бизнес

"Әке-шешемді “аға-жеңге” дедім": Өмірқұл Айниязов бала кездегі жан жарасымен бөлісті (ВИДЕО)

"Әке-шешемді “аға-жеңге” дедім": Өмірқұл Айниязов бала кездегі жан жарасымен бөлісті (ВИДЕО)

Qazaqstan ұлттық телеарнасының Tansholpan бағдарламасына қонақ болған әнші Өмірқұл Айниязов отбасылық өмірі мен бала тәрбиесіне қатысты жеке тәжірибесімен бөлісті.

Өнер иесі баласын ата-әжесінің қолына бергенімен, маңызды бір талап қойғанын ашық айтты.

Әншінің айтуынша, өзі де бала күнінде ата-әжесінің тәрбиесін көрген. Бастауыш сыныпты аяқтағанға дейін ата-әжесінің қолында өсіп, кейін ғана өз ата-анасының жанына барған.

«Екі жаққа да еркелеп өстім. Бірақ бір ерекшелігі өз әке-шешемді “аға, жеңге” деп атадым. Сол сезімнің қандай екенін ішім жақсы біледі. Сондықтан өз баламды ата-анама бергенде бір-ақ талап қойдым. Ол мені әкесі ретінде тануы керек. Мен келгенде “әке” деп алдымнан шығуы тиіс», — деді Өмірқұл Айниязов.

Бұл пікір желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбірі әншінің сөзінен бала кезіндегі ішкі сағыныш пен психологиялық әсерді байқағанын жазса, енді бірі ата-әже тәрбиесінің артықшылығын алға тартты.

«Травма деген осы. Өз ата-анасын іздеу, сағыну», «Бұрынғы заман солай болды, қазір бәрі басқаша», «Ата-әже тәрбиесі баланы көпшіл, мейірімді етеді», «Қазіргі “травма” дегенді қолдан шығарып алғандаймыз», — деп жазды оқырмандар.

Көпшілік Өмірқұл Айниязовтың ұстанымын түсіністікпен қабылдап, баланың кімнің қолында өссе де, ең бастысы  әке-шешенің орнын, рөлін анық сезінуі маңызды екенін атап өтті.

Барлық жаңалық