Жаңалықтар

Айзат Жұманованың өлімі: Марқұмның күйеуі асылып қалмақшы болған

Айзат Жұманованың өлімі: Марқұмның күйеуі асылып қалмақшы болған

Талдықорғанда Айзат Жұманованың өлімі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Марқұм қайтыс болған күні жағдайды өз көзімен көрген куәгерлердің айғақтары тыңдалды. Бұл туралы  ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмановтар отбасының ауылдасы Түкібай Әлішердің айтуынша, марқұмның жолдасы Айбар әйелінің қайтыс болғанын білгеннен кейін өз-өзіне қол салмақ болған. Бұл оқиға Талдықорған аудандық ауруханасының жанында, көлік ішінде болған.

“Ол көліктің алдыңғы есігін ашып, қауіпсіздік белдігімен асылып қалмақ болды. Ата-анасы мен әпкесі оны уақытында тоқтатты. Кейінірек пайда болған видеодан Айбарды басқа полиция қызметкері түсіріп алғанын көруге болады”, – деді куәгер.

Түкібай айыпталушымен мектепте бірге оқығанын және оны жақсы білетінін айтты. Қайғылы оқиға болған күні кезекшілікте болған Жетісу полиция бөлімінің қызметкері Анарбек Аслан да күдіктінің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын растады. Оның айтуынша, бір күн бұрын облыстық ауруханаға ауыр жарақат алған әйелдің жеткізілгені туралы хабарлама түскен.

“Ол жерге екі әріптесіммен бардым. Сыртта екі әйел және бір ер адам болды. Оларды бұрыннан танымаймын. Зардап шегушінің күйеуі қайда екенін сұрағанымда, оның көлікте екенін айтты. Кейінірек біз оның қауіпсіздік белдігімен асылып қалуға тырысқанын көрдік. Біз оны уақытында тоқтаттық”, – деді тергеуші.

Барлық жаңалық