Жаңалықтар

Air Astana ұшағы Үндістанға апатты жағдайды қонды

Air Astana ұшағы Үндістанға апатты жағдайды қонды

Air Astana әуе компаниясына тиесілі ұшақ Алматы – Бангкок бағытындағы рейс кезінде техникалық себеппен Үндістанның Дели қаласындағы әуежайға мәжбүрлі түрде қонды деп хабарлайды Оzgeris.info.

 

Авиакомпанияның хабарлауынша, 18 желтоқсанда орындалған KC931 рейсі Алматыдан түнгі 01:00-де ұшып шығып, жергілікті уақыт бойынша 05:51-де Делиге штаттық режимде қонған. Ұшақ бортында 138 жолаушы болған. Қонуға техникалық ақау себеп болғаны айтылады.

 

Қазіргі уақытта жолаушыларға ыстық тамақ беріліп, уақытша визалар рәсімделген. Әуе компаниясы оларды қонақүйге орналастыру мәселесін шешіп жатыр. Сонымен қатар Бангкокқа рейсті жалғастыру үшін резервтік ұшақ дайындалуда.

 

Қазіргі таңда Делидегі әуежай терминалында күтіп отырған жолаушылардың жағдайын авиакомпания бақылауда ұстап отыр.

Барлық жаңалық