Жаңалықтар

Air Astana рейсі ақауға байланысты түн ортасында тоқтатылды

Air Astana рейсі ақауға байланысты түн ортасында тоқтатылды

Air Astana әуе компаниясының Алматы – Астана бағытындағы кешкі рейсі техникалық себептерге байланысты бірнеше сағатқа кешігіп, 150-ден астам жолаушы әуежайда қалды деп хабарлайды ozgeris.info сайты kaztag.kz сайтына сілтеме жасап.

 

Куәгерлердің айтуынша, KC-955 рейсі 23:20-да ұшуы тиіс болған, алайда ұшақ командирі техникалық ақау туындағанын хабарлап, жолаушылардан заттарын алып, терминалда күтуді сұраған. Бұл ақпаратты ҚазТАГ оқырманы растады.

 

Алматы әуежайының онлайн-таблосында көрсетілген мәліметке сәйкес, 23:10-ға жоспарланған ұшақ тек 02:15-те әуеге көтерілген.

 

ҚазТАГ редакциясы Air Astana компаниясы мен көлік министрлігін осы оқиғаға қатысты түсініктеме беруге шақырады.

Барлық жаңалық