Шоу-бизнес

Айқын Төлепберген көпбалалы отбасыларға қатысты ойын айтып желіні шулатты

Айқын Төлепберген көпбалалы отбасыларға қатысты ойын айтып желіні шулатты

Танымал әнші, продюсер және актер Айқын Төлепберген қуанышты жаңалығымен бөлісті.Отбасында бесінші сәбиді күтіп жүргенін мәлімдеді деп хабарлайды Ozgeris.info сайты Politico.kzке сілтемемен.

 

Өнер иесі бұл туралы әзіл мен шындықты араластыра айтып, көпшіліктің көңілін көтерді.

 

«Бесінші балам дүниеге келейін деп жатыр. Арнайы дайындықтың қажеті жоқ, жүре бересің. Негізі көпбалалы әкелерге де көмек болса ғой. Балалардың мектебі, киімі, үйірмесі — бәрі менің мойнымда. Әрине, әзіл ғой», – деді Айқын күліп.

 

Әнші сонымен қатар мемлекеттен көмек алуға мүмкіндігі болса да, оған жүгінбейтінін айтты.

 

«Әр балам екі үйірмеге барады. Мемлекеттен бірдеңе алуға болады екен, бірақ мен ештеңе сұрамаймын», – деді ол.

 

Желі қолданушылары Айқынның әзілге толы сөзіне сүйсініп, көпбалалы отбасыларға үлгі екенін атап өтті.

Барлық жаңалық