Танымал әнші Еркеш Хасенге қатысты әлеуметтік желіде даулы мәлімет тарады, деп хабарлайды ozgeris.info.
Соңғы уақытта «Қызым» әні арқылы көпшілікке қайта танылған өнер иесінің отбасылық өміріне байланысты айыптаулар Threads желісінде жарияланған. Өзін әншінің бұрынғы жұбайы Әйгерімнің жақын құрбысы ретінде таныстырған желі қолданушысы Еркеш Хасеннің отбасына опасыздық жасағанын жазған.
«Бұл жаңалықтың артында қаншама көз жасы жатыр. Еркештің алғашқы әйелі — менің құрбым Әйгерім. Оның қандай күй кешкенін, қаншалықты қиналғанын менен артық ешкім білмейтін шығар. Некеде жүріп Жанельмен байланыс орнатқан. Кей кездері қызына мүлде хабарласпай, жоғалып кететін. Бұл оқиғалар шамамен бір жыл бұрын болған. Әйгерімнің сабырлылығына таң қаламын. Өз еңбегімен жасалған, жөндеуі енді біткен пәтерде бүгінде сол екеуі ештеңе болмағандай тұрып жатыр. Әйгерім отбасын сақтап қалу үшін барын салды. Ол — өте еңбекқор, ақжарқын жан», — деп жазды Сандуғаш есімді қолданушы.
Сонымен қатар әлеуметтік желіде Еркеш Хасеннің Жанель Серғазиннен тағы бір қызы бар деген ақпарат та тарап жатыр.
Желі қолданушысының жазбасында Әйгерімнің бұл жағдайды ауыр қабылдағаны, көз жасына ерік бергені де баяндалады. Оның айтуынша, сол кезеңде Медина есімді қызы әкесін жиі сұраған. Автор Еркеш пен Жанельдің «Егіз лебіз» бағдарламасында жұрт көзінше жақын қарым-қатынаста болғанын да еске алады.
«Әйгерім жүрегімен сезіп, Жанельге өзі жазған. Сол кезде “арада ештеңе жоқ” деген жауап алған. Бірақ кейін бәрі белгілі болды. Әйгерім қызының қамы үшін Алматыға барып, Еркешпен кездесуге тырысқанымен, ол жолықпаған. Қызын өзі бағып, өзі асырады. Біз қолдан келгенше қолдау көрсеттік. Әйгерімнің қоңырауларына жауап бермей, менің нөмірім арқылы ғана хабарласатын. Кейін мені де бұғаттап тастады», — деп жазды белгісіз қолданушы.
Айта кетейік, аталған жазба қазіргі уақытта Threads әлеуметтік желісінен өшірілген.


