Жаңалықтар

"Әблязовтан бастап Алагөзоваға дейін": Желіде еш жерде жарияланбаған суреттер тарады (ФОТО)

"Әблязовтан бастап Алагөзоваға дейін": Желіде еш жерде жарияланбаған суреттер тарады (ФОТО)

Threads желісінде 2007-жылы Алматы қаласында өткен Вена балында(Венский бал) түсірілген суреттер тарады, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты sadaq.kz-ке  сілтеме жасап.

19 жыл бұрын түсірілген бұл суреттерді qzq_hub парақшасы жариялады. 

Алматының төрінде ұйымдастырылған бұл іс-шараға сол кездегі елдің саяси және іскер элитасының өкілдері қатысқан.

Құрметті қонақтар қатарында Алматы қаласының сол уақыттағы әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Вена қаласының бургомистрі Михаэль Хойпль, сондай-ақ Дариға НазарбаеваРахат ӘлиевМұхтар ӘблязовНұрлан СмағұловМұхтар Жәкішев және өзге де танымал тұлғалар бар. Суреттерден қазақ шоубизнесінің жарқын өкілі продюсер Баян Мақсатқызын да байқауға болады. 

Ал желі қолданушылары болса түрлі пікір қалдырып, суреттерді жан-жақты жарыса талдауда. 

"Халықтың ақшасына ұйымдастырылған кеш. Банкет зейнетақы қорынан төленген", "Майлы кезеңдер ғой", "Сурет тарихи артефакт ретінде қызық, бірақ...", "Жаңа жылдық шырша сияқты бәрі жылтырап тұр", "Аурасы өте ауыр сезіліп тұр", "Баян сондай әдемі", деді олар.

Айта кетейік, архивтік суреттердің авторы - фотограф Андрей Лунин. 

Барлық жаңалық