Жаңалықтар

«9 жыл салып»: Мейрамбек Бесбаевтың әйелі аяғы ауыр екенін жазды

Әнші Мейрамбек Бесбаевтың әйелі жүкті екенін айтып, жұрттан сүйінші сұрады. Мархабат Бесбаева Instagram парақшасында құрсағына сәби 9 жылдан кейін біткенін жазды, деп хабарлайды Ozgeris.info. Ол сәбиін қатты күтіп жүргені туралы айтты.
«Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін! Араға 9 жыл салып көрген қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр. Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын», - деп жазды Мархабат Бесбаева.
Барлық жаңалық