Жаңалықтар

«4,5 млн теңгені қарызға берді»: Ұлдана Мырзуанның анасын экс-құдағиы сотқа тартамын деген

«4,5 млн теңгені қарызға берді»: Ұлдана Мырзуанның анасын экс-құдағиы сотқа тартамын деген

Астана қалалық сотында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысында марқұмның анасы Сәлима Омарова жауап берді, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.  

Осыған дейін Әділет Зейнелге берілген 20 млн теңгенің 4,5 млн теңгесі Ұлдананың ата-анасына табысталғаны айтылған еді. Алайда Сәлима Омарова бұл қаражатты олар материалдық көмек ретінде емес, қарызға алғанын жеткізді.

Анасының айтуынша, бұл соманы үлкен қызы Әділеттен қарызға сұраған. Кейін аталған 4,5 млн теңгені қайтару мәселесі туындап, оны мамыр айында кері қайтару талап етілген.

«Сол 4,5 млн теңгені бастапқыда қызымның қажетіне байланысты алған болатынбыз. Кейін үлкен қызым Әділеттен осы соманы қарызға бере тұруын сұрадық. Алғашында бұл қаражатты белгілі бір мерзімге дейін пайдаланып, кейін өзіміз қайтарамыз деп жоспарладық. Негізінде, бұл соманы бізге Әділет қарыз ретінде берген. Кейін аталған 4,5 млн теңгені мамыр айында қайтаруды талап етіп, сот арқылы өндіріп алатындарын жеткізді», – дейді Ұлдананың анасы.

Барлық жаңалық