Жаңалықтар

2,5 миллиард теңге ұрлаған күдікті Вьетнамнан Қазақстанға әкелінді

2,5 миллиард теңге ұрлаған күдікті Вьетнамнан Қазақстанға әкелінді

Вьетнамнан Қазақстанға аса ірі мөлшерде ақша ұрлады деген күдікті жеткізілді. Ол Әділет министрлігіне қарасты Сот сараптамасы орталығының 2,5 миллиард теңгесін жымқырған деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек бұл адам өзге сыбайластарымен бірге қылмыстық жоспар құрған. Олар мемлекеттік сатып алу кезінде құрал-жабдықтардың бағасын әдейі өсіріп көрсеткен. Жалған құжаттарды пайдаланып мекемені жабдықтауға бөлінген қазына қаржысын қалтасына басқан.

Күдікті 2025 жылдың наурыз айында халықаралық іздеуге берілген болатын. Биыл жыл басында оны Вьетнам елінде қолға түсірді. Қаржылық мониторинг агенттігі, Интерпол және Сыртқы істер министрлігі бірлесіп жұмыс істеді. Нәтижесінде қашқын Қазақстанға қайтарылды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа жолданды.

Барлық жаңалық