Қазақстанда зейнетақы жинақтарын азаматтардың жас ерекшелігіне қарай басқару тетіктері енгізілмек. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ведомство басшысының айтуынша, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобалары негізгі бағдарлама бекітілгеннен кейін, аталған мерзімде дайындалады.
Ұлттық банк бұл реформаның негізінде қарапайым қаржылық логика жатқанын түсіндірді:
Алда 40–50 жылдық еңбек өтілі болғандықтан, жоғары табыстылыққа бағытталған тәуекелі жоғары (агрессивті) стратегияларды таңдауға мүмкіндік беріледі.
Жинақталған қаражатты сақтап қалу басты орында болады. Сондықтан олардың қаражатын тәуекелі жоғары портфельдерге салуға жол берілмейді.
Тимур Сүлейменов азаматтардың жинақтарын БЖЗҚ-дан жеке басқарушы компанияларға беру мүмкіндігі осыдан жарты жыл бұрын енгізілгенін, ал бұл компанияларда қазірдің өзінде бірнеше инвестициялық стратегия барын атап өтті. Қазіргі ұсынылып отырған өзгерістер реформаның жалпы бағыттары ғана, ал нақты ережелер 2027 жылы толық әзірленеді.