Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында өз декларациясына қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Оzgeris.info сайты kznews.kz сайтына сілтемемен хабарлайды.
Журналистер министрден табыс көлемін нақтылап сұрады. Ақкенженовтің айтуынша, ай сайынғы жалақысы шамамен 1 миллион 200 мың теңге, ал басқа кіріс көздері жоқ.
— Бізде сыйлықақылар бар, олардың барлығы декларацияда көрсетілген. Жалпы жылдық табысым 20 миллион теңгеден сәл асады. Бұл тек жалақы мен сыйлықақыларды қамтиды, — деді министр.
Ол сондай-ақ қосымша жасырын төлемдер жоқ екенін атап өтті. Министрдің түсініктемесі мемлекеттік қызметкерлердің табысы мен ашықтығын көрсетуге арналған деп бағаланып отыр.