Әзірбайжанда кәмелетке толмаған баланы аяусыз пышақтаған жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.
Оқиға 4 ақпан күні Әзірбайжанның Агджабеди ауданында болған. Oxu.Az басылымының мәліметінше, жергілікті полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 7 жасар балаға ауыр жарақат салған күдікті жасөспірімді анықтап, қолға түсірген. Қазіргі таңда аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ауыр жарақат алған 2019 жылы туған бала 14 ақпан күні ауруханадан шығарылды. Баланың әкесі Рашад Баширов ұлы Сұбханның Орталық аудандық ауруханада қайта медициналық тексеруден өткенін және беті бері қарағанын хабарлады.
«Оның жағдайы қалыпқа келіп жатыр, ақырындап жүре бастады. Дәрігерлер өміріне қауіп жоқ екенін айтты, бала өзін жақсы сезінеді, сондықтан емдеуді үйде жалғастыру ұсынылды», – деді Рашад Баширов.