Спорт

15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанды

15 жастағы қазақстандық Кәрім Меңдіқанов «Барселона» ойыншысы атанды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 15 жастағы вингері Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі "Барселона" клубымен ресми түрде үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы ozgeris.info "Бірінші бол"  сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осылайша, қазақстандық футболшы мансабын каталониялық клубтың атақты «Ла Масия» академиясында жалғастырады.

Бұған дейін Mundo Deportivo басылымы Кәрім Меңдіқановтың «Барселонамен» үш жылдық келісімге келгенін хабарлаған еді. Енді бұл ақпарат ресми түрде расталды.

"Өмір бойы жанкүйер болған клубыммен келісімшартқа қол қойғанымды мақтан тұтамын", – деп жазды Кәрім Меңдіқанов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Кәрім Меңдіқанов 2022 жылы Испанияға қоныс аударып, футболдағы жолын Каталонияда бастады.

Барлық жаңалық