Жаңалықтар

14 жастағы баланың өлімінен кейін Көкпар федерациясының жұмысы тоқтатылды

14 жастағы баланың өлімінен кейін Көкпар федерациясының жұмысы тоқтатылды

Ақмола облысында көкпар кезінде 14 жастағы баланың қаза табуынан кейін "Жаппай көкпар" федерациясын аккредиттеу куәлігі уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ozgeris.info сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

Деректерге сай, "Жаппай көкпар" федерациясы спорттық шараны Нәрікбаев атындағы КАЗГЗУ университетінің  жер учаскесінде жергілікті уәкілетті органдардың келісімінсіз өткізген.

Айда Балаева сол себептен Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитетінің 15 маусымдағы бұйрығымен "Жаппай көкпар" федерациясының аккредиттеу куәлігін 1 ай мерзімге тоқтатқанын мәлімдеді. Министрдің айтуынша, оқиғадан соң Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына өңірдегі жаппай көкпар спортын қатаң бақылауға алу туралы тапсырма берілген. 

Ал облыстық полиция тексеруді аяқтағаннан кейін жауапты тұлғаларға тиісті шара қолданылады. 

"Жаппай көкпар" ойыны ел аумағында ресми спорт түрі ретінде танылып, мемлекеттік спорт түрлерінің тізіліміне енгізілді. Өңірлерде өтетін көкпар жарыстары жергілікті әкімдіктердің рұқсатымен ұйымдастырылады. Іс-шаралар спорт басқармалары мен аккредиттелген өңірлік федерациялармен келісіліп, бекітілген ережелерге сәйкес медицина, ветеринария және полиция қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі. Қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жергілікті әкімдіктердің тарапынан қатаң бақылауға алынған", – деді Аида Балаева. 

Барлық жаңалық