Спорт

10 да 4 есебі: Рейтингтік бәсекеде ел намысын қорғаған спортшының тағы бір жеңісі

10 да 4 есебі: Рейтингтік бәсекеде ел намысын қорғаған спортшының тағы бір жеңісі

Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында күрес түрлерінен халықаралық деңгейдегі рейтингтік турнир өтіп жатыр. Дүбірлі додада грек-рим күресінің шебері Нұрасыл Аманалы ел намысын биік қорғауда. Боз кілемде бабы мен бағы қатар шапқан отандық спортшы жарыстың ақтық мәресіне шықты, деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Қазақстандық балуан 97 килограммға дейінгі салмақ дәрежесінде белдесіп жатыр. Ол финалға берілетін жолдаманы сарапқа салу үшін жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Минхо Лимен күш сынасты. Тартысты өткен бұл белдесуде отандасымыз қарсыласынан айқын басым түсті. Нұрасыл Аманалы өз шеберлігін дәлелдеп кездесуді 10:4 есебімен жеңіспен аяқтады. Енді жерлесіміз алтын жүлде үшін өтетін шешуші бәсекеде бақ сынайды.

Барлық жаңалық