💰 Экономика

1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

1 тамыздан бастап электр энергиясы қымбаттайды

2025 жылғы 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясының тарифтері қайта өседі. Энергетика министрлігінің жаңа бұйрығына сәйкес, бірқатар ірі энергия өндіруші кәсіпорындардың тарифтері айтарлықтай жоғарылайды, деп жазады Ozgeris.info.

Мәселен, Т.И. Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-те тариф 1 киловатт-сағатқа 23,25 теңгеге жетсе, Ақтөбе ЖЭО-да бұл көрсеткіш 18,19 теңгені құрайды. «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-де 1 кВт/сағ үшін 23,58 теңге белгіленсе, «ӨзенМұнайПром» кәсіпорнында баға 28,68 теңгеге дейін өседі.

Сонымен қатар, тариф өсімі МАЭК-Қазатомөнеркәсіп, Қызылорда ЖЭО, «Жайықжылуэнерго», «Кристалл Менеджмент» секілді басқа да ірі кәсіпорындарға қатысты болады. 63-ші топтағы энергия өндіруші ұйымдар үшін тариф 44,02 теңге көлемінде белгіленген.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бұл шешім жабдықтардың тозуын азайтып, электр энергиясының сапасын арттыруға бағытталған.

Барлық жаңалық