Жаңалықтар

1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі

1 шілдеден бастап ыстық су өшіріледі

Риддерде келесі айдан бастап ыстық су болмайды. "Шығыс Жылу" АҚ мәліметінше, жылу электр орталығының негізгі және қосалқы жабдықтарына жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Ozgeris.info сайты.

Соған байланысты орталық 1-25 шілде аралығында жұмыс істемейді.

"Осы кезеңде ыстық су беру уақытша тоқтатылады. Бұдан бөлек, шілде айында қаланың әртүрлі аудандарындағы 17 учаскеде жылу желілерін күрделі жөндеу жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар тамыз айында да жалғасады. Осыған байланысты кейбір аумақтарда ыстық су уақытша өшіріледі. Алайда шектеу бүкіл қалаға бірдей емес, жөндеу жүргізілетін учаскелерге ғана қатысты болады", – делінген ресми хабарламада.

Ал тамыз айында ыстық су тек жылу желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін аудандарда ғана уақытша тоқтатылмақ.

Барлық жаңалық