«ҚазАгроҚаржы» деректері «ағып кетті»: 4 терабайт ақпарат сатылуда!

Фото: ашық дереккөзден

Желіде «ҚазАгроҚаржы» АҚ туралы 4 терабайт ақпарат сатылып жатыр, деп хабарлайды Ozgeris.info.

«Пробив» форумында «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясы жайлы ақпарат жиымы сатылымға қойылды. Автордың айтуынша, жиымға компанияның деректер базасын қоса топ-менеджменттің дербес компьютерлеріндегі сақтық көшірме кіреді, барлығы 4 терабайт ақпаратты құрайды.

Ұйым «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингіне кіреді. Қазақстан Үкіметінің бақылауында. Елдің Премьер-министрімен, қаржы министрімен және т.б. үлестес, — деп жазды автор.

Біздің редакция «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның пікірін білмекші болған, алайда компанияның БАҚ өкілдерімен байланысқа шыға алмады. Сондай-ақ, посттың авторынан ақпаратты қанша теңгеге сатып отырғанын да біле алмады.