Балаларға қатысты зорлық-зомбылық: 90-нан астам қазақстандық ата-ана құқығынан айырылды

Фото: 24tv.ru

Прокурорлар қауіпті аймақтағы 63 мың отбасын тексеріп, зорлық-зомбылық пен қауіп-қатерді анықтады. Нәтижесінде 92 адам ата-ана құқығынан айырылды.

Бұл туралы ҚР Бас прокуроры Берік Асылов хабарлады.

Оның айтуынша, 2023 жылдан бері балалардың құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және уақытылы көмек көрсетуге бағытталған екі жоба жүзеге асырылуда: «URPAQ» және «Бақытты әрі Қауіпсіз Балалық шақ».

Тексеру нәтижелері:

  • 93 қылмыстық іс қозғалды – күдіктілер арасында ата-аналар, қамқоршылар мен басқа да тұлғалар бар.
  • 11 мың ата-ана мен заңды өкіл міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
  • 342 бала мемлекет қамқорлығына алынды, себебі олар ата-анасыз, қараусыз қалған.