Атырауда 45 жастағы Бибігүл Шпанова өз пәтерінде пышақ жарақаттарымен өлі табылды. Ол NCOC компаниясында бөлім басшысы болып қызмет еткен және мұнай-газ саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар, деп хабарлайды ozgeris.info.
Марқұмның үйіндегі сейфтің де бұзылғаны анықталған. Туыстары бұл қылмыстың кәсіби қызметімен байланысты болуы мүмкін екенін айтып, Адам құқықтары жөніндегі бюроға жүгінген.
Полицияның мәліметінше, 1987 жылы туған ер адам күдікке ілініп, оқиға орнынан алыс кетпей тұтқындалған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалып, «Адам өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр, заттай айғақтар тәркіленген.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру