«Ашуланшақ әйел тез қартайып, семіріп кетеді»: Айнұр Тұрсынбаева құнды кеңесін бөлісті (ВИДЕО)

Фото: instagram.com/aidyn_nury

Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасында жазба жариялап, көпке кеңес айтты, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты

«Ашулану, жылау, уайымдау адамның бәріне тән ғой… Бірақ, Алланың берген уақытша ғұмырын түгелдей уайымға арнау мүлде дұрыс емес…
Бала-шағаға шаптығып, күйеуге ренжіп, енемен ерегісіп, өмірге өкпелеп адам ешкашан мақсатына жете алмайды… Себебі ашу, ыза, реніш адамның ресурсын жойып жібереді…

Ашуланшақ әйел тез қартаяды, өзіне мүлде көңіл бөлмейтін болады, яғни семіруге де бейім келеді… Адам өзін сүю арқылы айналасын қабылдайды! Негтивті толқындағы адам өзінің жоғалып бара жатқанын сезінбей қалады… Енді, мұндай негативтен құтылу үшін не істейміз?», — деп бастады ол.

Коуч тығырықтан шығудың оңай жолдарын тізіп жаза кетті.

«Сіздерге бір жеңілірек жолын ұсынып көрейін…
Қандай қиналып тұрсаңыз да күлімсіреп үйреніңіз… Біреу намысыңызға тиген кезде «рахмет» деп айтыңыз… Балаларыңызға ашуланған кезде, нәпсіңізді сындырып құшақтаңыз… Мазаңызды алып ренжіткісі келетін адамдарға «кешірші енді» десеңіз, сап тыйылады… Соғыссыз беріліп үйренген адамдар үнемі жеңіске жететін ұмытпаңыз..
Біраз уақытта сіздің жүйкеңізді жұқартатын жағдайлар азая бастағанын байқайсыз… Сізді ренжіте беретін адамдар қабағыңызға қарай бастайды… Өмір қызыққа толы ғой негізі, соны уайыммен өткізіп жүрген өзіңіз екенін ұмытпаңыз… Сіздің шаңырағыңызды біреу келіп шаттыққа толтырмайды! Сіздің күйеуіңіздің абыройын ешкім келіп, көтеріп бермейді! Сіздің әйеліңіздің жадырап жүргені тек сізге керек! Балаларыңыздың бақыты басқалар үшін көк тиын! Өзіңізді өзіңіз жұбатып үйренбесеңіз, басқалар сізге жаны ашиды деп үміттенбеңіз! Өміріңізді өз қолыңызға алыңыз!», — дейді айтыс әлемінің аққуы.