Үйілген қоқыстың үстінде суретке түскен Қайрат Нұртастың әйелі өзекті мәселені қозғады

Қайрат Нұртастың әйелі, актриса Жұлдыз Әбдукәрімова қоқыс үйіндісінен не тапқанын айтып, әсерлі оқиғасымен бөлісті. Бұл туралы <<Өзгеріс.инфо>>ақпараттық-сараптамалық агентігінің тілшісі хабарлайды Kznews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап

Актриса түсірілімге кетіп бара жатып, үйілген қоқыстың арасынан бесік тауып алғанын айтып, мұны елдегі қайғылы жағдайлармен байланыстырды.

“Бір бесіктің күйі… Таң атты. Әдеттегідей жұмысыма шықтым. Түсірілім тобы бар. “Балалар” тақырыбы болғандықтан арамызда кішкентай қыз бар еді. Кенет көзім қоқыс үстінде жатқан бесікке түсті. Ішім алай-дүлей. Тынысым тарылды. Көлікті тоқтаттым. Әлем тоқтап қалғандай. Елестей есімді жия алмай, сүрініп-шалынып, бесікке бардым. Артыма қарасам, әлгі кішкентай қыз жүгіріп келеді. Түсірілім тобы аң-таң. Сонда түсінгенім, ана жүрегі мен бала көңіліне қоқыстағы бесік оттай үрей берді. Көзімізден жас сорғалап, тамаққа өксік тығылды.
Балаларымның шақалағында бесіктен шешкен бойда керіліп бой жазғаны есіме түсті. Дәл сол сәтте құмарлана иіскейтінмін. Бұл дүниенің мәні, о дүниенің жұпары сол сәтте емес пе?!
Елдегі балаларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықтың тым тереңде жатқанын түсіндім. Біз ұлт ретінде сал-дәстүрімізді ұмытып, киелі бесігімізді қоқысқа тастай бастаппыз. Неге? Қашан бұл күйге жеттік? Бауыржан Момышұлы атамыз “Бесігі жоқ елден қорқамын” — демеді ме? Бала және оған қатысты барлық дүние менің жанды жерім! Түсірілім бағыты өзгерді!
Бұл туралы әлі біраз дүние айтамын, көрсетемін деп шештім”, – деп жазды Жұлдыз Әбдукәрімова.

Оның қоқыста жатқан бесікті тастап кетуіге батылы жетпей, оны өзімен бірге алып кеткен.

Алайда желі қолданушыларының арасында өнер иесінің бұл әрекетін хайп деп санайтындар да табылды.

“Сол кезде түсіріп алдың ба?”, “Киімім де сәйкес келе қалды де”, “Жәй ғана алып кетуге болмас па еді? “Өзіңізді көрсетіп суретке түсіпсіз”, “Фотоға түсіп үлгеріп жатыр”, “Бесіктің далада жатқанын пайдаланып, фотосессия жасап алыпсыз”, – деп сынға алды желідегілер.

Желі қолданушыларының бұл пікірі деп жауапсыз қалмады.

“Оқырманымның басым көпшілігі дұрыс қабылдапты. Арасында мұны хайп деп айыптағандар да бар екен. Айналайындарым-ау, хайп үшін менде басқа тақырып жоқ деп ойлайсыздар ма?”, – деп жазды өнер иесі.