Жұмабек Тәшеновтің ерлігі болмағанда

Жұмабек Тәшеновтің ерлігі болмағанда,
бүгінде тәуелсіз еліміздің Астанасы болған қала жат қолында қалар еді.

Қазақтың жері талан-таражқа салынбай аман қалуы үшін тау тұлға
Жұмабек Тәшенов өзінің үкімет басшысы деген қызметінен айырылып, бүкіл карьерасына балта шабылды, тіпті өміріне қауіп төнетінін біле тұра ұлт мүддесі үшін осындай азуы кереқарыс басшыға қарсы шыққанын ұмытпауымыз керек.

Басқа «елағаларының» бәрі бір ауыздан «генсектің» айтқанына көніп, ләббай тақсырлап тұрғанда Жұмабек Ахметұлы егер өзі қасарыса қарсы тұрмаса, қазақ жерінің бестен бірінен айрыларын білді.

Сөйтіп ол қызметінен алынды, бірақ 5 облыс Ресейге қосылмай, Қазақстан құрамында қалды…

Қылышынан қан тамып тұрған қызыл кеңес заманында:

“КСРО конституциясына сәйкес, әр ұлт республикасы өзінің тарихи жерінде, өз табиғи байлығын өз меншігінде пайдалануға хақы бар. Бұл заңмен де санаспайтын болсаңыз, біз халықаралық сотқа шағым беруден де тайынбаймыз», — деген екен батыр атамыз Тәшенов.

Маған керегі лауазым емес, қазақ халқының бірлігі мен жерінің тұтастығы. Ол арманыма жеттім.
Елім, жерім орнында» деген тау тұлғалы Жұмабек Ташеновтың өлшеусіз ерлігін бағалап жүрміз бе?

Тәуелсіз елде тұрып жатып, ұлт қамы, ел қамын ойлайтындар неге аз?
Мына видеоны қайта-қайта қарап, ұрпақ қамы, ұлт болашағы деп өткен батырларымызға тағзым еттім.

Біз осындай ерлік жасаған тұлғаларымыздың тырнағына да татымаймыз.
Ұлт болашағы үшін не істеп жүрмін, ана жаққа барған кезде олар бізден: қазағым, қазақтың ертеңі үшін не істедің?,- деп сұраса не деймін деп бір сәт ойланамыз ба?,-деген сұраққа өзіміз не деп жауап берер едік…

Тұрар Сәттарқызы Шәкен фейсбук парақшасынан