Көршілес Қырғызстанда министрлерге тойларға баруға тыйым салынды.

Бауырлас елде біздің ел секілді үлкен, алып той-құмалақ жасауды ұнатады. Бұл екі елдің мәдениетінің айырылмас бөлшегі болып қалыптасты. Және де әр той үшін, той иелері қарызға батып, жүздеген адам үшін той жасайды. Соның үшін Қырғызстан Министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров, мемлекет министрлеріне тойларға қатысуға, баруға тыйым салды. Бұл алдағы уақытта тек мемлекет министрлеріне қатысты болмайтынын еске салды.