Хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасында команданың құрамы жарияланды

Қазақстандық хоккейшілер Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен плей-оффқа шығу үшін бақ сынасады.

Хоккейден Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар құрамы алдағы әлем чемпионатының құрамасын жариялады, деп хабарлайды ұлттық құраманың сайты.
Команда құрамында:

Қақпашылар: Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де — «Барыс»), Сергей Кудрявцев («Арлан»).
Қорғаушылар: Дмитрий Бреус («Торпедо»), Самат Данияр, Әділ Бекетаев, Тамирлан Гайтамиров (барлығы — «Барыс» Артем Королев, Мади Диханбек (екеуі де — «Номад»), Леонид Метальников («Адмирал»), Валерий Орехов («Металлург»).
Шабуылшылар: Әлихан Асетов, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Роман Старченко, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков (барлығы — «Барыс»), Олег Бойко («Номад»), Дмитрий Гренц («Арлан»), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де — «Металлург»), Кирилл Панюков («Амур»).

2023/2024 маусымында ойыншылардың қолданыстағы келісімшарттары болған клубтар көрсетілген.
10-26 мамырда Чехияда хоккейден әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы «В» тобында өнер көрсетіп, Франция, Германия, АҚШ, Латвия, Польша және Словакия командаларымен плей-оффқа шығу үшін бақ сынасады. 5 мамырда біздің команда Прагаға келіп, Ұлыбритания командасымен жолдастық матч өткізеді.