Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылады. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы байланыстарды кеңейтуге ерекше назар аударылды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері серіктестігінің қазіргі деңгейін жоғары бағалап, бұрын қол жеткізілген барлық уағдаластықтарды тиімді іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Әңгіме барысында Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.