Ақтауда 5 күн бұрын жоғалып кеткен қыз табылды

Ақтауда жоғалып кеткен 24 жастағы Кәмшат Керім табылды.

Естеріңізге сала кетейік, қыз 18 сәуірде жоғалып кеткен еді. Бұл күні ол кешкі сағат 22:00 шамасында «Шығыс 3» шағынауданындағы үйден шығып, қайтып оралмаған.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, қыз табылды. Үйіне келген.

Фото: Lada.kz