Қазақстанның оңтүстігінде жасөспірім сексуалдық қылмыс жасағаны үшін ұсталды

a young boy in jail

Түркістан облысының Төлеби ауданында жасөспірім кәмелетке толмаған балаға қатысты жыныстық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы аймақтың полиция департаментінен хабарлады. Жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қылмыстық іс қозғалды, оның аясында сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», — деп хабарлады ведомстводан.

Осы ауданда біреудің мүлкіне өрт қойылды. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық жағдайларын анықтап жатқанын, күдіктілерді ұстағанын атап өтті.

«Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір ауылда жағдай тұрақты. Іс Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында «, — деп сендірді ведомствода.

Бұл қылмыстардың өзара байланысы бар ма, полиция хабарламайды.