Алматыда студентті қамауға алды

Алматы қаласында 1 апталықта “ФК Ақтөбе” мен “Қайрат” арасында футбол матч өткен болатын. Және бәріміз көргендей “ФК Ақтөбе” жанкүйерлері “13 сектор” қала ортасында үлкен топ болып өткен болатын. Соңынан ойын біткен соң жанкүйерлер метрода кішігірім шоу көрсеткен болатын. Алматылықтар жанкүйерлердің бұл ісіне бірәз уайымдағанымен, қала полиция департаменті дүрлікпеуге шақырып, жағдайды бақылауда ұстағанын айтқан болатын.

Алайда барлық оқиға біткен соң, полиция қызметкерлері KIMEP университетінің жатақханасына барып, Асылхан есімді студентті қамауға алған болатын. Онлайн сот бір минуттан аз уақытқа созылады. Асылханға, ағасының айтуы бойынша тек бір ғана сұрақ қойған. “Бұл бейнежазбадағы сенсіңба?”. Асылхан “Йә” деп жауап берген соң дереу бес күнге қамауға алады. Нақты не үшін, неліктен екендігін ешкім білмейді.

Дәл қазір Асылхан арнайы уақытша ұстау изоляторында, алда келе жатқан экзамендеріне дайындалуда.