Конфликтілі мінез-құлықты қалыптастыруға қорқыныштың әсері

Бүгінде еліміздегі жетекші оқу орнының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде  студент жастарды психологиялық тәрбиелеуге және рухани-адамгершілік қалыптастыруға арналған әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар өтеді.

Қазіргі кезеңде қоғамда орын алып жатқан жастардың мінез-құлық өзгерістерін қадағалау, студенттер арасында және студент пен оқытушы арасындағы конфликтіні болдырмау үшін университет және факультет деңгейінде шаралар қолданылады. Осы мақсатта «тарих және география» мамандығының 1 курс магистранттары арасында басқару психологиясы пәнінен конфликтілі мінез-құлықтың пайда болу себебі, оның алдын-алу шаралары төңірегінде дөңгелек үстел өткізілді.

Конфликт — күрделі қайшылықтардың пайда болуы, қарама-қарсы қызығушылықтардың қақтығыстары, күшті эмоциялық күйлермен байланысты әр түрлі мәселерге бойынша өзара түсіністіктің болмауы. Кез-келген конфликтінің астарында қандай да бір мәселеге байланысты қарама-қарсы  позициялардан, мақсаттардан тұратын ситуация жатады. Яғни, конфликтілі ситуация конфликт субъектілері мен объектілердің міндетті түрде бар болуын талап етеді. Дегенмен де конфликт ары қарай даму үшін инцидент болу керек. Егер қарама-қарсы жақ тура солай жауап қайтарса, онда конфликт болашақта тікелей және жанама, деструктивті және структивті болып дамуы мүмкін.

Жанжал өздігінен туындамайды. Ол негізгі 5  кезеңнен өтеді.

Түсініспеу — түсінудің болмауы, мүдделердегі айырмашылықтар, мәдениет, дін осының бәрі жанжалдың пайда болуына әкеледі.

Оқиға — жанжалдың өзі туындамайды. Мұны тудыратын оқиға.

Ауызша келіспеушілік — бұл қақтығыс басталғандығын білдіретін ескерту сигналы.

Саралау кезеңі — адамдар өз шағымдарын бір-біріне білдіреді. Бұл кезеңде қақтығыстың себептері көтеріледі.

Келісім — адамдар ымыраға келіп, жанжалды шешуге тырысады.

Конфликтідегі мінез-құлықтың бірнеше ережесі:

  1. Егер серігің соншалық ашу-ызаға берілсе, оның ішкі сезім күштерін төмендетуге көмектесу керек. Өйтпейінше, онымен келісу өте қиын немесе мүмкін емес. Оның ашулы сәтінде өзіңді сабырлы, сенімді ұста. Бірақ өзіңді жоғары қойма. Егер адам ашуға қатты берілсе, ойы теріс пікірлер мен сеззімдерге толады. Сондықтан, қалайда оның өз-өзіне келуі үшін әрекет ету керек.
  2. Серігіңнен өзінің тілек, талабын сабырмен түсіндіруін талап ет. Осы жағдайға байланысты тек қана нақты дәлелдер мен мысалдарды ғана негізге алуын түсіндір. Адамдарға тән қасиет дәлел мен сезімді шатастырады.

Сондықтан, серігіңнен «айтып тұрғаның нақты дәлел ме, әлде пікірің бе?»-деп сұрап ал.

  1. Ашуды күтпеген әдістермен қайтар. Серігіңнен сенімді түрде басқа бір кеңестер сұра, бірақ бұл кеңестер оған маңызды болуы тиіс. Оған әр түрлі әзіл-қалжыңдар айт. Ең бастысы, сенің өтініштерің, еске түсірулерің, қалжыңдарың оның ашуын қайтаратындай болу керек.
  2. Серігіңе қарсы баға берудің орнына өз сезімдеріңді айт. «Сен мені алдап тұрсың-ау?» дегеннің орнына «Мен өзімді алданғандай сезініп тұрмын».
  3. Қиындық туғызған мәселе мен өзің қалаған соңғы шешімді мақұлдауын сұра. Шешілмеген мәселенің қалайда шешімін табу керек. Серігіңмен бірге қандай мәселені шешу керегін анықта, одан соң бірге күш салыңдар. Өзіңді сезімге, ашуға билетпе.
  4. Серігіңе шешімін таппаған мәселелер жөніндегі ойын және одан шығудың жолдарын айтқызып көр. Бұл жағдайда кінәлі адамды іздеп, болмаса түсіндіріп әуре болмай, одан шығудың жолын ізде. Бір ғана нұсқамен тоқтап қалма. Ең соңында көңіліңдегі бірнеше пікірдің біреуіне тоқта. Алайда, серігіңмен келісуді есіңнен шығарма. Өйткені жетістікке, жеңіске бірге жетулерің керек.

Кез-келген жанжал шексіз емес, ерте ме, кеш пе ол шешіледі. Оның қатысушысы жеңе ме, жоқ па, айналасындағы адамдармен ынтымақтастық қабілеттілігіне байланысты.

Сайып келгенде, кез-келген қақтығыстың шешімі бар. Оларды шешу формалары жанжалдың даму процесінде субъектілердің мінез-құлық стратегиясына байланысты. Жанжалдың бұл бөлігі эмоционалды жағы деп аталады және ең маңызды болып саналады.

Конфликт кезіндегі мінез-құлық стратегиясы — адамның (топтың) жанжалға қатысты бағыты, қақтығыс жағдайындағы мінез-құлықтың белгілі бір формаларына бағдарлануы.

Қ.У.Томас және Р.Х.Килменн қақтығыстық жағдайда өзін-өзі ұстаудың ең қолайлы стратегияларын жасады. Олар қақтығыстық мінез-құлықтың бес негізгі стилі бар екенін көрсетеді: бәсекелестік (бәсекелестік), ынтымақтастық, ымыраға келу, болдырмау (кету) және орналастыру. Белгілі бір қақтығыстағы мінез-құлық стилі, олар атап көрсеткендей, сіз пассивті немесе белсенді әрекет ете отырып, өз мүдделеріңізді қанағаттандырғыңыз келетін өлшеммен және бірлескен немесе жеке әрекет ететін екінші тараптың мүдделерімен анықталады.Қорқыныш пен жанжал тығыз байланысты болып келеді. Әрбір қақтығыс, үлкен болсын кішігірім болсын адамдардың бір қорқынышы салдарынан болады.

Халық пен мемлекет арасындағы қақтығыс, халық елінің болашағына, оның тәуелсіздігіне, халықтың бостандығына қауіп төнді деп қорқады, ал басшы өзінің билігінен, күшінен айырылып қалам деп қорқады.сондықтан қақтығыс пайда болады. Бұл көтеріліске, әскери соғысқа апаруы мүмкін. Екі адам арасындағы жанжал да қақтығыстан пайда болады. Мысалы: біреу алданып қалудан қорқады, біреу ақшалай алданып қалудан қорқады, біреу лауазымы көтерілмей қала ма деп қорқады. Осындай жағдайдан қорғаныс ретінде жанжалдық мінез — құлық пайда болады.

Қорытындылай келсек, конфликтілік мінез- құлық жай ғана қорғаныс құралы ретінде қолданылады. Яғни, адамдар бір-бірін жою немесе әділетсіздік жасау үшін емес, тек өзін қорғау үшін конфликтіге барады.Көптеген адамдар, жанжал топтағы және ұйымдағы өнімділікті төмендетеді деп пайымдайды, бұл пайымдау көп жағдайда дұрыс емес. Жанжал топтың немесе бөлімнің жұмыс істеуі үшін әлде конструктивті, әлде қиратқыш болу мүмкін. Конструктивті болу үшін жанжалдың деңгейлері аса жоғары немесе тым төмен болуы мүмкін. Әлде өнімділікке кедергі келтіруі мүмкін. Үйлесімді деңгей – ол тұралауды болдырмайды, шығармашылықты ынталандырады, қарбаластықтан босануға мүмкіндік береді және әрекеттердің үйлестігін бұзбастан немесе кедергі келтірместен өзгерістер себебіне бастамашылық етеді.

Тленчиева Н.С.

Педагогика ғылымдарының кандидаты.

Жубаназарова Н.C.

Психология ғылымдарының кандидаты, профессор.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.

Мукышева А.М., Әбдуохап О.Ү. 1-курс магистранттары

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.