Өз таңдауыңды жаса!

Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында жиырмадан астам жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Олар мазмұны жағынан әртүрлі болғанымен бір бағытта жұмыс істейді.

Осыған байланысты, студеннтер күніне орай, Көкшетау қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінің 1 курс студенттері үшін, облыстың жастар саясаты мен студенттік ортасына бейімделуге көмек көрсету, түрлі бағыттар бойынша белсенді және перспективалы студенттермен жұмыс ұйымдастыру, құқықтық сауаттылықты, СӨС және қоғамдық белсенділікті насихаттау, облыстық жастар-ресурстық орталығы қызметінің жалпы жоспарын орындау мақсатында «Өз таңдауыңды жаса» атты таныстыру бағдарламасы жоспарлануда.

Аталған іс-шараға «Kazmed Jastary» медициналық Жастар Республикалық қоғамдық бірлестігі, «Думан» Ақмола облыстық педагогикалық жасағы, «Феникс» еріктілер орталығы, «The Legacy Show» би студиясы, «Аманат» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы, «Темірқазық»  кітап клубы және т.б. ұйымдардың қатысуымен өтетін болады. Сонымен қатар, «Би спорты федерациясы» ҚБ, «Реверанс» би-спорт клубы және т,б қатысады.

Өтетін орны: «Болашақ сарайы».

Өтетін күні: 17 қараша сағат 15:00.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы

Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының

баспасөз қызметі

            (Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)