Сәтбаев атындағы университетте Гонконгтың топ унивенситетінің өкілдігі ашылады


2024 жылы Сәтбаев университетінің екі жүзге жуық студенттері мен оқытушылары әлемнің жетекші университеттерінде: Пенсильвания мемлекеттік университетінде, АҚШ-та, Сонгкюнкван университетінде, Оңтүстік Кореяда, Глазго университетінде, Ұлыбританияда, сондай-ақ ТМД елдері және көршілес елдерде білім алып, тәжрибе алмаса алады . CityU Гонконгпен стратегиялық серіктестік туралы меморандумға қол қою сонымен қатар ұлттық зерттеу техникалық университетіне бакалаврлар мен докторанттарды дайындауға, кадрлармен алмасуға және әлемдегі ең жақсы университеттердің бірімен зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

CityU Гонконг университеті QS рейтингі бойынша әлемдік университеттердің рейтингінде 70-орында және биыл Қазақстанда өз өкілдігін ашуды көздеп отырған алғашқы Гонконг университеті болмақ.

«Satbayev University және CityU жас ұрпақты өз елдерінде және бүкіл әлемде қоғамның дамуына дайындауда. Біз Қазақстандағы ең көне техникалық университетпен ынтымақтасатынымызды мақтан тұтамыз», — деді CityU Басқарма төрағасы Лестер Хуанг.

Лестер Хуан мырза бірнеше айлық жемісті диалог пен қос дипломдық бағдарламаларды іске қосуға дайындықтан кейін университеттер оларды жүзеге асыруға кірісуге дайын екенін атап өтті.