Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумы

Уақыт HR менеджменті ынталандырудың заманауи ерекшеліктері мен үдерістерінен хабардар болуды талап етеді. 

«Осындай уақытылы әрі өзекті бастаманы алға тартып, HR студенттерінің бірінші форумын ұйымдастырушы М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетіне алғыс айтамын» — ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

КАЗГЮУ Университеті мен Қазақстанның HR Қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің жоғары оқу орындарындағы HR студенттеріне ерекше назар бөлу, оларға беріліп жатқан білім сапасын саралау мақсатында а.ж. 27 қазанда «Дарындарды басқару – HR студенттерінің бірінші форумын» өткізді. Форумға еліміздің  12 университеттерінен 100-ден аса болашақ HR мамандары қатысты.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек:  «Менің білуімше, Форумға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері ғана емес, HR басшылары мен әлеуетті жұмыс берушілер қатысуда. Университтердің HR командалары оң өзгерістерді қамтамасыз етуде маңызды тетік екендігін бәріміз мойындаймыз. Оқытушылар, ғалымдар, әкімшілік қызметкерлер – барлығы Университет миссиясы мен стратегиясын, мемлекеттік саясат тұрғысынан жоғары білім мен ғылым алдындағы басты мақсатттарды жетік түсініп, сапалы білім беру үшін де HR менеджменті ынталандырудың, мотивациялаудың заманауи ерекшеліктері мен үдерістерінен хабардар болуы уақыт талабы. Мықты HR-ы бар ұйым қай кезде де алдыңғы шепте болмақ. Осы форумның қорытындылары міндетті түрде бұқараға жеткізіліп, мамандардың күнделікті жұмысында қолданылады»-деп атап өтті.