Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Фото: akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды “ozgeris.info” порталы Ақордаға сілтеп.

Қазақстан мен Ресей президенттері Украинаның бейтарап, блоктан тыс және ядролық емес мәртебеге қол жеткізуі аса маңызды деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Екіжақты сауданың динамикасын сақтау мақсатында екі ел үкіметтерінің аса маңызды тауарлық баптар бойынша өзара іс-қимылын жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей-Украина келіссөздерінің барысы туралы хабардар етті.

«Украинаның бейтарап, блоктан тыс, ядролық емес мәртебесі туралы келісімдерге қол жеткізудің айрықша маңыздылығы туралы ортақ түсіністік білдірілді», — делінген Ақорданың сайтында.

ozgeris.info” порталы