Теміртау маңында жол-көлік оқиғасында екі бала қаза тауып, 10 адам жарақат алды

7 мамыр күні сағат 17: 56-да Алматы-Екатеринбург автожолында Toyota Camry және Chevrolet Nexia автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік апаты орын алды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі Chevrolet Nexia жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды, екі көліктен 10 жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлайды Қарағанды облысының полиция департаменті.