Шет ауылының тұрғындары қажетті өтемақы мен тұрғын үйлерін алды

Су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысы Шет ауданының тұрғындарына қажетті, өздері ұнатқан үйлер сатып алынды.

Баспанасы топан су басып, жарамсыз болып қалған бес отбасы өздеріне үй таңдады. Олар бюджет қаражаты есебінен сатып алынды.

«Кеше әкімшілік әр үйдің малын қайта толтырып берді. Бастағы 360 000тг  біржолғы өтемақы шотымызға түсті. Зардап шеккен мал мүліктің шығынын есептеп, бір апта ішінде төлеп тастады. Сол үшін үлкен рақметімді айтамын.»- деп бөлісті жергілікті тұрғын.

Алдағы күндері тағы бір отбасына жаңа үй салына бастайды. Шет ауылында басқа сатылатын үй болмағандықтан жаңасын салу туралы шешім қабылданды.

Апатты деп танылмаған басқа 54 үйде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 
Фотосурет kgushakhtinskaiacbs Instagram аккауынтындан алынды.