Мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматы Алматы әуежайында ұсталды

32 жастағы ер адам 11 сәуірде «Внуково-Алматы» әуе рейсінің ұшуы кезінде ұсталды.

ІІМ мәліметтері бойынша, Ресей Федерациясының азаматы 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды Қарулы бөлімшелерге, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери әрекеттерге заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланды.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды . Оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.