Астанада кафе жанып жатыр

Астанада Мәңгілік Ел даңғылындағы дәмхана жанып тұр, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Астанада Мәңгілік Ел даңғылындағы кафенің бірінде өрт шықты. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеуде. Түтінді үй-жайда барлау жүргізілуде «, — делінген сейсенбі күні хабарламада.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.